Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТДМ-16: «Бейбітшілік, әділдік жне тиімді институттар» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТДМ-16: «Бейбітшілік, әділдік жне тиімді институттар» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

20 қараша 2025
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТДМ-16: «Бейбітшілік, әділдік жне тиімді институттар» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

20 қараша 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде, математикалық жне компьютерлік модельдеу кафедрасының педагогикалық практикасы аясында ТДМ–16: «Бейбітшілік, әділдік жне тиімді институттар» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шараны «7М05409 – Қолданбалы жне есептеу математикасы» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Сейтмуратова Зульфия Ильяскызы ПМ-23–2 тобының студенттеріне арнап өткізді. Сабақ кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жне тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагимбаева Лида Абсұлтанқызының жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Ашық сабақ Тұрақты даму мақсаттарының ішінде ерекше орын алатын ТДМ-16 бағытының мән-маңызын ашуға арналды. Іс-шара рөлдік ойын форматында өтіп, студенттерге шынайы өмірге жақын құқықтық жне этикалық жағдайды талдауға мүмкіндік берді.

Магистрант ұсынған жағдай бойынша қатысушылар судья, прокурор жне қорғаушы топтарына бөлініп, мемлекеттік сатып алуға қатысты даулы мәселені қарастырды. Әр топ өз позицияларын дәлелдеп, пікірталас арқылы әділ шешім қабылдауға талпынды.

Сабақ барысында студенттер:

·  әділдік принциптері;

·  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;

·  мемлекеттік институттардың ашықтығы;

·  қоғамдағы сенім деңгейі

секілді маңызды мәселелерді талқылады. Бұл тәжірибе олардың азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениет жне әділ басқару құндылықтары туралы түсінігін кеңейтті.

Іс-шара соңында кафедра өкілі сабақтың тәрбиелік маңызын атап өтіп, жастарды әділдік, адалдық жне жауапкершілік қағидаларын ұстануға шақырды. Ашық сабақ студенттердің азаматтық санасын қалыптастыруға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға жне тұрақты қоғам құру идеясын түсіндіруге бағытталды.

 

Математикалық жне компьютерлік модельдеу

кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жне

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сагимбаева Л.А.