«Метеорология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері РМК «Казгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалы мен Ядролық физика институтында өндірістік тәжірибеден өтуде — ҚазҰУ

91ý

«Метеорология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері РМК «Казгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалы мен Ядролық физика институтында өндірістік тәжірибеден өтуде

12 маусым 2026
«Метеорология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері РМК «Казгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалы мен Ядролық физика институтында өндірістік тәжірибеден өтуде

25 мамыр мен 20 маусым аралығында «Метеорология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері РМК «Казгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалы мен Ядролық физика институтында өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Ядролық физика институтында студенттер оқу-өндірістік орталығына барып, институтта жүргізілетін негізгі зертханалық және өндірістік процесстермен, соның ішінде ядролық-физикалық талдау әдістерімен, радиациялық бақылау жүйелерімен, қоршаған ортадан алынатын үлгілерді қабылдау, өңдеу және талдау технологияларымен танысты. Сонымен қатар, институт аумағының электрондық картасымен танысып, ГАЖ қолдану арқылы кеңістіктік деректерді енгізу, өңдеу жұмыстары жүргізілді. Далалық зерттеу жұмыстары барысында қоршаған ортадан алынған үлгілер арқылы топырақтың радиациялық және физика-химиялық құрамын анықтау әдістерімен танысу жүргізілді. Зертханалық талдау барысында топыроақ құрамындағы радионуклидтерді анықтау жұмыстары жүргізілді.  
 

              РМК «Казгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалында студенттер ауа сапасын зерттеу, су құрамына сараптама жасау, радиациялық бөлшектерді анықтау жұмыстарымен айналысты. Ауа сынамаларын жинау процессі, арнайы фильтрлер арқылы өткізу, зертханаға жеткізу кезеңдерімен танысты. Табиғи су көздерінен алынған су сынамаларын зертханалық әдістер арқылы физика-химиялық тұрғыдан зерттеу процесі түсіндірілді. Су үлгілері өзен, көл немесе басқа да су нысандарынан арнайы стерильді ыдыстарға алынып, бастапқы табиғи құрамын сақтау үшін белгілі температуралық режимде сақтау керектігі көрсетілді. Зертханалық талдау кезеңінде судың негізгі физикалық көрсеткіштері, сонымен қатар химиялық қрамы анықталды. Бұдан басқа өндірістік тәжірибе барысында радиациялық фонды бақылау және атмосферадағы радиациялық бөлшектерді анықтау жұмыстары да жүргізілді.