Халықаралық ICITA конференциясы: ғылыми тәжірибе алмасу және жаңа серіктестіктер — ҚазҰУ

91ý

Халықаралық ICITA конференциясы: ғылыми тәжірибе алмасу және жаңа серіктестіктер

17 қараша 2025
Халықаралық ICITA конференциясы: ғылыми тәжірибе алмасу және жаңа серіктестіктер

"Киберқауіпсіздік және криптология" кафедрасының оқытушылары Мусиралиева Ш.Ж.мен Болатбек М.А. Норвегияның Осло қаласында өткен ICITA халықаралық конференциясына қатысты. Конференция ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы өзекті мәселелерге арналған. Оқытушылар ғылыми баяндамалар жасап, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Халықаралық ғалымдармен тәжірибе алмасу мүмкіндігі туып, конференция барысында жаңа ғылыми байланыстар орнатылды. Зерттеу жобалары мен бірлескен жұмыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Оқытушылар білім беру мен цифрлық технологияларды интеграциялау бағытындағы заманауи үрдістермен танысты. Аталған іссапар кәсіби дамуға үлкен үлес қосты.