"Ө. Жолдасбековке 95 жыл" кураторлық сағат — ҚазҰУ

91ý

"Ө. Жолдасбековке 95 жыл" кураторлық сағат

27 ақпан 2026
"Ө. Жолдасбековке 95 жыл" кураторлық сағат

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Т.В. Құрманова, А.Қ. Ахмедова, Е.Р. Игнатова, Д.С. Толмачева Қазақстанның көрнекті ғалымы, жоғары білім беруді ұйымдастырушысы Ө.А. Жолдасбековтің 95 жылдық мерейтой арналған тақырыптық кураторлық сағат өткізді.

Трбиелік іс-шара барысында шетелдік студенттер Ө.А.&Բ;Жолдасбековтің еліміздің ғылымы мен жоғары білімін дамытуға қосқан үлесі туралы білді.

Оқытушылар Ө.А. Жолдасбековтің 1985 жылы шетел азаматтары үшін факультет құрудағы, сондай-ақ ҚазМУ қалашығы студенттік орталығын салудағы рөлін ерекше атап өтті.

Студенттердің назарына естелік фотосуреттерден тұратын бейне сериялар ұсынылды.

Шетелдік тыңдаушылар ұсынылған ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады.