Құқықтық мәдениет: Студент жне Жауапкершілік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде бірінші курс студенттерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында маңызды жиын өтті. Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Мұхтар Ходжабайдың жетекшілігімен №420 аудиторияда «Құқықтық мәдениет: Студент жне Жауапкершілік» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл кездесу «Оқыту әдебі жне қақтығыстарды басқару» (Ethics of Teaching and Conflict Management) сарапшылық практикалық трегі аясында өтіп, оған «Кітапхана ісі», «Тіл білімімен тарих» жне «ылыми тарих» мамандықтарының студенттері қатысты.
Мұхтар Қожабай өз сөзінде бірінші курс студенттері үшін университет қабырғасындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол студенттерді академиялық адалдық принциптерімен таныстырып, кез келген кикілжіңді заң мен этика аясында шешу жолдарын түсіндірді. Трек барысында студенттердің құқықтық санасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жне қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормалары талқыланды. Студенттер нақты ситуациялық тапсырмалар арқылы конфликтілерді басқарудың практикалық әдістерін меңгерді.
Басқа жаңалықтар