AI-Sana бағдарламасының II кезеңі басталды
16 Нау

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған AI-Sana мемлекеттік инновациялық бағдарламасына қатысуын жалғастыруда. Қазіргі таңда студенттер арасында жобаның екінші кезеңіне іріктеу кезеңі басталды.
Бағдарламаның мақсаты – білім алушылардың жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы дағдыларын дамыту және перспективалы DeepTech стартаптарын іске қосуға қолдау көрсету.
Жоба аясында қатысушыларға келесі мүмкіндіктер беріледі:
- Халықаралық деңгейдегі сарапшылардан тікелей білім алу;
- ЖИ технологияларын практикалық жағдайда меңгеру;
- Нақты салалық кейстерді шешу арқылы тәжірибе жинақтау.
Бағдарлама қорытындысы бойынша ең үздік жобалар көпшілікке таныстырылып, ал үздік қатысушылар Alem.AI инновациялық экожүйесінің резиденті атану мүмкіндігіне ие болады.
Іріктеуге бұған дейін Huawei, Learna немесе Coursera платформаларында жасанды интеллект бойынша базалық курстарды тамамдаған студенттер, магистранттар және докторанттар қатыса алады.
Қатысу шарттары:
1. ресми сайтына тіркелу;
2. 15 наурызға дейін іріктеу тестін (отборочный тест) тапсыру.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты Univer ақпараттық жүйесіндегі «Жаңалықтар» бөлімінен алуға болады.
ҚазҰУ жастарын заманауи технологияларды меңгеріп, болашақ цифрлық экономиканы бірге құруға шақырамыз!