НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!Farabi University

91ý

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!

15 Мам

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!

Құрметті университет оқытушылары мен қызметкерлері!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Парасат» қызметкерлер кәсіподағы университет қызметкерлерінің балалары арасында «Бақытты ел – бақытты балалық шақ» атты шығармашылық бейнероликтер байқауын жариялайды!

Байқау өскелең ұрпақтың өнерге деген құштарлығын оятуға, талантты бүлдіршіндерімізді қолдауға бағытталған.

Байқаудың шарттары мен талаптары:

Қатысушылардың жасы: 3 пен 15 жас аралығы.

Шығармашылық бағыттар: бейнероликте баланың өнері (ән айту, би билеу, аспапта ойнау немесе мәнерлеп өлең оқу) таспалануы тиіс.

Бейнероликтің ұзақтығы 3,5 минуттан аспауы қажет.

Барлық қатысушылардың жұмыстары «Парасат» кәсіподағының ресми Instagram парақшасында жарияланады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Парасат» кәсіподағының арнайы бағалы сыйлықтарымен марапатталады және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік салтанатты концертте өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Дайын бейнероликтерді 2026 жылғы 22 мамырға дейін кәсіподақ комитетіне жолдау қажет.

Балаларыңыздың талантын бірге шыңдап, мерекелік қуаныш сыйлаңыздар!

«Парасат» қызметкерлер кәсіподағы