«Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі» акциясы — ҚазҰУ

91ý

«Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі» акциясы

20 наурыз 2026
«Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі» акциясы

2026 жылғы 20 наурыз күні Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі» акциясы аясында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қайырымдылық мәдениетін дамыту, өзара көмек пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау. Жәрмеңке барысында студенттер түрлі тағамдар мен қолөнер бұйымдарын ұсынып, белсенділік танытты.

Жиналған қаражат мұқтаж отбасыға табысталды.
Аталған шараға факультет студенттері мен оқытушылары белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.