ЦУР бойынша «Қаржылық сауаттылық». Студент жастарды оқу ғимаратында және жатақханаларда электр энергиясы мен суды үнемдеуге үйрету тақырыбында студенттермен ашық сабақ — ҚазҰУ

91ý

ЦУР бойынша «Қаржылық сауаттылық». Студент жастарды оқу ғимаратында және жатақханаларда электр энергиясы мен суды үнемдеуге үйрету тақырыбында студенттермен ашық сабақ

25 наурыз 2026
ЦУР бойынша «Қаржылық сауаттылық».  Студент жастарды оқу ғимаратында және жатақханаларда электр энергиясы мен суды үнемдеуге үйрету тақырыбында студенттермен ашық сабақ

Механика – математика факультетінің Математика мамандығының  1 курс студенттерімен  25.03.2026 ж. куртор – эдвайзер Мүтигуллаева Данагул Университетімізде «Қаржылық сауаттылық» тақырыбы аясында студент жастармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында оқу ғимараттарында және жатақханаларда электр энергиясы мен суды үнемді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттерге коммуналдық қызметтердің шығындары, электр энергиясы мен суды үнемдеудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде қарапайым үнемдеу жолдары, атап айтқанда, жарықты қажетсіз жақпау, электр құрылғыларын пайдаланбаған кезде өшіру, суды босқа ағызбау сияқты тиімді тәсілдер айтылды. Аталған іс-шараның мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, ресурстарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу болып табылады. Кездесу барысында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойды. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Механика – математика кафедрасының кураторлары:

 Аузерхан Г.С.

Мүтигуллаева Д.