Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ үшін таза елFarabi University

91ý

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ үшін таза ел

4 сәуір 2026
Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ үшін таза ел

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының 1-курс кураторлары өз топтарының студенттерімен бірге «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыуниверситеттік сенбілікке қатысты. Ауқымды шара «Наурызнама» онкүндігінен бастау алған игі бастамалардың жалғасына айналды.

 

Қатысушылар оқу қалашығының көше бойындағы сартын жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтардан арылтып, айналаны ретке келтірді. Сондай-ақ шара барысында білім алушыларға табиғатты аялаудың мәні мен қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығы түсіндірілді. Ұйымдастырушылар бұл бастамалардың жастардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген еңбекқорлық пен табиғатқа деген жанашырлық сезімін қалыптастыратынын атап өтті.