Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының кураторлары 12 сәуір күні атап өтілетін Халықаралық космонавтика күніне арналған ашық тәрбие іс-шараларының сериясын өткізді. Шетелдік студенттер Байқоңыр қаласының ғарыш айлағының тарихы мен бүгінгі күні туралы ақпаратты қызыға тыңдады. Сонымен қатар, қазақ халқының мақтанышы болып табылатын ғарышкерлер, Қазақстан өкілдері: М. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, А. Айымбетов туралы ақпарат алды.