Гидрология және су зерттеулері саласындағы ғылыми инфрақұрылым нығайтылды — ҚазҰУ

91ý

Гидрология және су зерттеулері саласындағы ғылыми инфрақұрылым нығайтылды

10 сәуір 2026
Гидрология және су зерттеулері саласындағы ғылыми инфрақұрылым нығайтылды

2026 жылғы 10 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінде ылым күні аясында «Гидрологиялық процестерді модельдеу» оқу аудиториясының (119-аудитория) және «Гидрометрия және су техникалық ізденістер» оқу зертханасының (111-аудитория) салтанатты ашылу рәсімі өтті.    




Аталған оқу аудиториясы мен зертхананың іске қосылуы гидрология және су ресурстарын басқару саласындағы білім беру мен ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі қадам болып табылады. Жаңа оқу кеңістіктері заманауи техникалық құралдармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталып, білім алушыларға гидрологиялық процестерді модельдеу, гидрологиялық сипаттамаларды есептеу, гидрометриялық өлшеулер жүргізу және су ресурстарын кешенді зерттеу бойынша тәжірибелік және ғылыми дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.  



 

«Гидрологиялық процестерді модельдеу» оқу аудиториясы заманауи білім беру талаптарына толық сәйкес жабдықталған. Аудиторияда жоғары өнімді компьютерлер орнатылып, ArcGIS Pro, HEC-RAS, StokStat және басқа да геоақпараттық бағдарламалық құралдар енгізілген. Бұл білім алушыларға кеңістіктік мліметтерді өңдеу, геоақпараттық талдау жүргізу және гидрологиялық модельдеу бойынша практикалық жұмыстарды жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде орындауға жағдай жасайды. Аталған оқу кеңістігі студенттердің цифрлық және аналитикалық құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға бағытталған.
   
    
 «Гидрометрия және су техникалық ізденістер» оқу зертханасы гидрометрия және су техникалық ізденістер саласындағы қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған. Зертханада су деңгейін өлшеу, ағынды жылдамдығын анықтау, далалық зерттеулер ұйымдастыру және су шаруашылығы нысандарын техникалық бағалау бағыттары бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Бұл білім алушыларға нақты деректермен жұмыс істеу арқылы кәсіби құзыреттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.  

     
 Аталған ғылыми-білім беру инфрақұрылымының дамуы гидрология, су ресурстарын басқару және экологиялық қауіпсіздік салаларында жоғары білікті кадрлар даярлауға жаңа серпін беріп, Қазақстанның су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, климаттық өзгерістерге бейімделу және тұрақты даму міндеттерін іске асыруға бағытталған ғылыми зерттеулерді одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.