Профессор Ә.Ғ. Көшім төтенше жағдайлар саласына арналған микробіліктілік бағдарламасын таныстырды — ҚазҰУ

91ý

Профессор Ә.Ғ. Көшім төтенше жағдайлар саласына арналған микробіліктілік бағдарламасын таныстырды

10 сәуір 2026
Профессор Ә.Ғ. Көшім төтенше жағдайлар саласына арналған микробіліктілік бағдарламасын таныстырды

Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығында микробіліктілік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында орталық басшысының орынбасары Бекбосынов Нұрлан Сакенұлымен г.ғ.д., профессор А.Ғ. Көшім кездесіп, сала мамандарын даярлауға бағытталған микробіліктілік бағдарламасын енгізу және оны жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды

Сонымен қатар тараптар микробіліктілік бойынша келісімшарт аясында білім беру мен практикалық қызметтің өзара байланысын күшейту, сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру және бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу нәтижесінде алдағы уақытта ынтымақтастықты кеңейтіп, микробіліктілік бағдарламасын іске асыру бағытындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға қызығушылық білдірілді.