Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Ресейдің Мемлекеттік жерге орналастыру университетінің делегациясы келді — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Ресейдің Мемлекеттік жерге орналастыру университетінің делегациясы келді

13 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Ресейдің Мемлекеттік жерге орналастыру университетінің делегациясы келді

2026 жылғы 10 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне (Алматы қ., Қазақстан) Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік жерге орналастыру университетінің делегациясы ресми сапармен келді. Делегация құрамында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Середа Алексей Валерьевич және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысының орынбасары Соколова Полина Игоревна болды.

Сапар барысында қонақтарға университеттің заманауи инфрақұрылымы, оқу-ғылыми корпустары, зертханалары және цифрлық білім беру кеңістіктері таныстырылды. Сонымен қатар, география және табиғатты пайдалану факультетінің материалдық-техникалық базасы, білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу қызметі көрсетілді.

Кездесу аясында академиялық ұтқырлық, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми жобаларды дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Сапар қорытындысы бойынша білім беру және ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың нақты бағыттарын пысықтау жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.