- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қатысуымен білім беру көрмесі өтуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қатысуымен білім беру көрмесі өтуде.
Аталған іс-шара 10–11 сынып оқушыларына арналған және олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағытталған. Көрме барысында қатысушылар университеттер туралы жан-жақты ақпарат алып, түрлі білім беру бағдарламаларымен танысып, қабылдау талаптары жөнінде мәлімет алады.
Аталған көрмеге заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы да белсенді қатысуда. Кафедра «6В12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы аясында талапкерлерге оқу үдерісі, кәсіби мүмкіндіктер және мамандықтың ерекшеліктері туралы ақпарат беруде.
Іс-шара талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін ашық форматта өткізіліп, болашақ білім беру бағытын таңдауға үлкен мүмкіндік ұсынады.
📅 Күні: 13 сәуір 2026 жыл
🕘 Уақыты: 09:00–17:00
📍 Мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/27



Басқа жаңалықтар