«Фараби лемі» аясында өтілген халықаралық іс-шаралар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде &ܴ;Фараби лемі» ғылыми конференциясы аясында халықаралық деңгейдегі мастер-класс пен семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ресей Федерациясындағы Мемлекеттік басқару университетінің өкілдері қатысты.
Мастер-класс тақырыбы: «Әлем елдері мысалында өңірлік тұрақты дамуды жүйелік-энергетикалық модельдеу». 
Спикерлер:
Шамаева Е.Ф. – Мемлекеттік басқару университетінің табиғатты пайдалану басқармасы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, т.ғ.к., доцент.
Головин А.А. – э.ғ.к., доцент, Марий мемлекеттік университетінің Тұрақты даму жне халықтың өмір сапасын басқару зертханасының жетекшісі
Сонымен қатар, «П. Кузнецов – Б.Е. Большаков ғылыми мектебінің қағидаттары негізінде халықтың өмір сапасын энерго-экологиялық өлшемде бағалау» тақырыбында практикалық есептеулермен семинар өткізілді. 
Іс-шара барысында қатысушылар тұрақты дамуды бағалау дістерімен танысып, өңірлік жүйелерді модельдеумен халықтың өмір сапасын ғылыми тұрғыдан талдау бойынша тжірибелік дағдылар алды.
Аталған іс-шаралар білім алушылар мен жас зерттеушілердің ғылыми леуетін арттыруға жне халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.