Аймақта өткен іс-шара — ҚазҰУ

91ý

Аймақта өткен іс-шара

7 сәуір 2026
Аймақта өткен іс-шара

Тараз қаласында 2026 жылдың 3-7 сәуірі аралығында 10-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Республиканың үздіктері жиналған сайыста білімгерлер бақтарын сынады. Сайыстан тыс уақытта еліміздің әр аймағынан келген мектеп оқушыларымен жүздесіп, қазақ тіл білімі мен ұлт әдебиеті бойынша үйлестіру курсын өткізіп, олардың білім көкжиегінің кеңеюі үшін бағыт-бағдарлар берілді.

Мәтінмен жұмыс, эссе жазудың ерекшеліктері, кітап оқудың түрлі әдістері талқыланып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеттері, бүгіні мен болашағы туралы құнды мағлұматтар айтылды. Шара барысында сұрақ-жауап, пікірталас та болды. Курс өз мақсатына жетті.