Ашық сабақ бойынша есеп
Сабақ тақырыбы: International Trade
Пн: Шетел тілі (Foreign Language)
Мамандық: 6B04104 – Әлемдік экономика
Курс: 1 курс
Оқытушы: Смағұлова А.С., филология ғылымдарының кандидаты
Қүні 14.04.2026
Сабақ түрі: практикалық семинар
Сабақтың мақсаты:
Студенттердің халықаралық сауда тақырыбы бойынша ағылшын тілінде кәсіби бағытталған қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, лексикалық және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту.
Сабақтың міндеттері:
· “International Trade” тақырыбы бойынша сөздік қорды кеңейту;
· оқу, тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту;
· экономикалық үдерістерді талқылау қабілетін қалыптастыру;
· сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сыни ойлауды дамыту.
Сабақтың барысы:
Сабақ құрылымды түрде ұйымдастырылып, бірнеше кезеңнен тұрды:
1. Ұйымдастыру кезеңі – амандасу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Білімді өзектендіру – Fast Facts Questions тапсырмаларын орындау (халықаралық сауда бойынша негізгі сұрақтар).
3. Жаңа лексиканы меңгеру – карточкалар (Flashcards: Word + Simple Definition) арқылы жұмыс.
4. Негізгі бөлім:
o тақырып бойынша бейнематериалды көру;
o түсінуге арналған тапсырмаларды орындау;
o топтық жұмыс (кроссворд, жарыс элементтері);
o негізгі ұғымдарды талқылау (tariffs, imports, trade agreements және т.б.).
5. Бекіту кезеңі – интерактивті тапсырмалар орындау.
6. Рефлексия – студенттердің кері байланысы.
Қолданылған әдістер:
· коммуникативтік тәсіл
· интерактивті әдістер (топтық жұмыс, ойын элементтері)
· ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бейнематериалдар, көрнекіліктер)
Сабақтың нәтижелері:
Студенттер сабаққа белсенді қатысып, жоғары қызығушылық танытты. Қойылған мақсаттарға қол жеткізілді: білім алушылар жаңа лексиканы меңгеріп, сөйлеу және түсіну дағдыларын жетілдірді.
Қорытынды:
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Оқытушы заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана отырып, студенттердің белсенділігін арттырды және жағымды оқу ортасын қалыптастырды. Аталған тәжірибені кафедра оқытушылары арасында тарату ұсынылады.

Басқа жаңалықтар