Әдебиет пен сандық технологиялардың интеграциясы сараланады
16 сәуір 2026
2026 жылғы 16 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сандық технологиялар дәуірінде әдебиетті зерттеуге пәнаралық көзқарас және әдебиеттанушыларды даярлау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Шараға Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжанның жетекші ғалымдары, халық жазушылары мен ақындары, сондай-ақ білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы сарапшылар қатысады.
Жиын барысында қатысушылар оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу, сирек кездесетін кітап қорларын цифрландыру және өзгерістер кезеңінде мамандар даярлаудың жаңа модельдерін талқылайды.
Өткізу орны: Әл-Фараби ғылыми кітапханасы, №409 мәжіліс залы.
Басталуы: сағат 10:00-де.
Форматы: Офлайн / Онлайн.
Zoom сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/88660390179?pwd=uXWFKN9M73CX9NIjCCIT5CdbWd6wrP.1
Конференция идентификаторы: 886 6039 0179
Коды: 800836
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі