Scopus базасында индекстелетін журналдардағы жарияланым бойынша семинар.
2026 жылғы 15 сәуірде филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Сібір федералдық университеті (Красноярск қ., Ресей) аударма теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі Разумовская Вероника Адольфовна шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына және PhD докторанттарына арналған Scopus деректер базасында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарға ғылыми мақалалар жазу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында ғылыми мақаланың құрылымы, оны рәсімдеу талаптары, сондай-ақ, плагиат, әдебиеттер тізімімен жұмыс істеу, шетелдік авторлармен байланыс орнату секілді өзге де маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – ғылыми басылымдардың жасанды интеллект құралдарын қолдануға қатысты саясатына ерекше назар аударылды.
Семинар соңында қатысушылар халықаралық рецензияланатын журналдарға ғылыми мақала дайындау және ұсыну жөнінде сұрақтарын қойып, шара мазмұнды пікір алмасумен аяқталды.
Мұндай семинарлар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ, жас ғалымдардың ғылыми жарияланымдардағы белсенділігі мен әлеуетін арттыруға айтарлықтай ықпал етеді.
филология ғылымдарының докторы, профессор Э.Д. Сүлейменова,
PhD А. Кенжеқожаева
«Әлеуметтік лингвистика, аударма теориясы және тәжірибесі» зертханасы,
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы