Туризм және география саласындағы салық салу жүйесі бойынша семинар өткізілді
2026 жылғы 15 сәуірде Рекреациялық география және туризм кафедрасының «Туризм» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің қатысуымен «Туризм және география саласындағы салық салу жүйесі» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинар барысында туризм саласындағы салық салудың негізгі ерекшеліктері, оның құқықтық реттелу тетіктері, сондай-ақ саладағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Қатысушылар теориялық білімдерін нақты мысалдар арқылы толықтырып, кәсіби бағыттағы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Аталған іс-шара студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, олардың аналитикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге және теория мен тәжірибені өзара ұштастыруға бағытталды.
Семинарды ұйымдастырып, өткізген жауапты оқытушылар: Нұрсадықова А.Ұ., Бейсахмет А.А., Моминов С.А.