Тұрақты даму мақсаттарының №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсаты аясында өткізілген республикалық деңгейдегі «Психикалық денсаулық апталығы» тақырыбындағы ақпараттық-тәрбиелік іс-шара — ҚазҰУ

91ý

Тұрақты даму мақсаттарының №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсаты аясында өткізілген республикалық деңгейдегі «Психикалық денсаулық апталығы» тақырыбындағы ақпараттық-тәрбиелік іс-шара

16 сәуір 2026
Тұрақты даму мақсаттарының №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсаты аясында өткізілген республикалық деңгейдегі «Психикалық денсаулық апталығы» тақырыбындағы ақпараттық-тәрбиелік іс-шара

2026 жылғы 13-15 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Медицина және денсаулық сақтау факультетінде «Психикалық денсаулық апталығы» тақырыбында республикалық деңгейдегі ақпараттық-тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, м.ғ.к. Искакова Фарида Аркеновна, аға оқытушы, м.ғ.к. Арынова Гүлбану Абжановна, декан орынбасары Бимурзаева Фариза Ажибаевна, сондай-ақ «7M10102 – Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары Иманғали Дәурен мен Каниева Айым.

Іс-шараның мақсаты – Тұрақты даму мақсаттарының №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты аясында студенттердің психикалық денсаулық туралы хабардарлығын арттыру, стигманы азайту, өзін-өзі қолдау дағдыларын қалыптастыру, көмек алу жолдары туралы ақпарат беру және олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

Іс-шараға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің өкілдері, психолог мамандар, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

2026 жылғы 6-10 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Қазақстан-Ресей медициналық университеті студенттері арасында «Психикалық денсаулық апталығына» арналған анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама жүргізуді ұйымдастыруға декан орынбасары Бимурзаева Ф.А., С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. Бегимбетова Г.А. және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі Жамакурова А.Н. қатысты.

2026 жылғы 13-суірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті Усатаева Г.М. «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 2-3 курс студенттеріне арналған психикалық денсаулық бойынша практикалық нұсқаулық форматында дәріс-тренинг өткізді.

2026 жылғы 14-суірде ҚазҰУ-дың Медицина және денсаулық сақтау факультетінің мәжіліс залында дөңгелек үстел өтті. «7M10102 – Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-курс магистранты Иманғали Дәурен (жетекшісі: Арынова Г.А.) «Студенттің эмоционалдық интеллекті: өз сезімдерін түсіну – өсудің алғашқы қадамы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, осы мамандықтың 1-курс магистранты Каниева Айым (жетекшісі: Искакова Ф.А.) «Студенттердің психикалық денсаулығы: сауалнама нәтижелерін талдау» тақырыбында қорытынды баяндама ұсынды.

2026 жылғы 15-суірде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 3-курс студенттері (жетекшісі: Айтманбетова А.А.) «Жоғары оқу жүктемесі мен цифрлық орта жағдайындағы медицина студенттерінің психикалық денсаулығы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, ҚазҰМУ-дың коммуникативтік дағдылар кафедрасының ассистент профессоры Абсатарова Гулбану Пернекуловна «Психикалық денсаулық және өзін-өзі реттеу» тақырыбында студенттерге тренинг өткізді.

Барлық іс-шаралар барысында интерактивті әдістер кеңінен қолданылды: викториналар ұйымдастырылып, қатысушылардың білім деңгейі тексерілді, сондай-ақ пікірталас алаңында психикалық денсаулықтың маңыздылығы талқыланды.

Қорытындылай келе, аталған іс-шара студенттер арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға, профилактикалық медицинаның маңызын арттыруға және психикалық денсаулық туралы ақпараттандыру деңгейін көтеруге ықпал ететіні сөзсіз.