География және табиғатты пайдалану факультетінде ашық есік күні өтті — ҚазҰУ

91ý

География және табиғатты пайдалану факультетінде ашық есік күні өтті

15 сәуір 2026
География және табиғатты пайдалану факультетінде ашық есік күні өтті

Факультетімізде мектеп бітіруші түлектер мен болашақ талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — оқушыларды факультеттің тыныс-тіршілігімен таныстыру және мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру.

Кездесу барысында:
* Декан мен кафедра меңгерушілері факультеттің тарихы мен жетістіктері туралы баяндады;
* Оқушылар заманауи зертханалар мен оқу кабинеттерін аралады;
* География, гидрология, метеорология, экология және туризм мамандықтары бойынша толық мәлімет берілді;
* Студенттік кеңес белсенділері университеттегі қызықты қоғамдық өмір туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу соңында оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, болашақ білім ордасының атмосферасын сезіне алды. Біз әрбір талапкерді біздің үлкен отбасымыздың қатарынан көруге асықпыз!