Digital Farabi 2026 IV Халықаралық форумының ашылу салтанатындағы сөзіFarabi University

91ý

Digital Farabi 2026 IV Халықаралық форумының ашылу салтанатындағы сөзі

17 Сәу, 2026
Digital Farabi 2026 IV Халықаралық форумының ашылу салтанатындағы сөзі

Құрметті қонақтар!

Қадірлі оқытушы-профессорлар, ғалымдар мен білім алушы жастар!

Баршаңызды IV Digital Farabi 2026 халықаралық форумының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі форумның деңгейі өте жоғары.

Жиынға мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, академиялық қауымдастық мүшелері мен бизнес саласындағы стратегиялық серіктестеріміз қатысуда.

Біз бүгін «Цифрландыру және жасанды интеллект – болашақтың стратегиялық векторы» атты аса өзекті тақырып аясында бас қосып отырмыз.

Бұл – жай ғана форумның атауы емес, бұл әлемдік дамудың жаңа бағытын айқындайтын терең өзгерістердің көрінісі.

Қазіргі таңда дүниежүзі ауқымды технологиялық трансформация кезеңін бастан өткеруде. Жасанды интеллект, үлкен деректер, цифрлық платформалар мен автоматтандыру үдерістері мемлекеттердің, университеттердің және тұтас қоғамдардың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторларға айналды.

Осындай жағдайда тек өзгерістерге бейімделу ғана емес, сол үдерістердің бастамашысы болу – біз үшін айрықша маңызды міндет.

 

Уважаемые гости, коллеги и молодые ученые!

Форум Digital Farabi 2026 имеет для нас особое значение.

КазНУ имени аль-Фараби, как ведущий исследовательский университет страны, рассматривает цифровую трансформацию и искусственный интеллект не просто как временный тренд, а как магистральное направление своего стратегического развития.

Мы убеждены: университет XXI века – это не только колыбель знаний и науки, но и пространство, где рождаются прорывные технологии и формируются новые компетенции.

Сегодняшний форум стал уникальной площадкой для открытого диалога между наукой, образованием, бизнесом и государством. В этом и заключается его главная ценность. Только через тесное взаимодействие мы сможем выработать эффективные решения для устойчивого развития страны, укрепления человеческого капитала и продвижения инновационной экономики.

Для Казахстана цифровизация и внедрение искусственного интеллекта – это вопрос национальной конкурентоспособности.

На полях нашего форума обсуждаются не только технологические возможности, но и фундаментальные вопросы:

этика искусственного интеллекта,

безопасность данных,

качество образования и

роль человека в эпоху интеллектуальных систем.

Особо хочу отметить участие молодежи – наших студентов, магистрантов и молодых ученых.

Именно вам предстоит жить и созидать в новую цифровую эпоху, запускать высокотехнологичные стартапы и определять будущее нашей страны.

Задача университета – не просто дать вам качественные знания, но и создать среду, открытую для творчества, лидерства и международного сотрудничества.

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

Digital Farabi 2026 – тек пікір алмасу алаңы ғана емес, ол  жаңа серіктестіктердің, іргелі зерттеулер мен нақты жобалардың бастау нүктесі.

Форум аясында ұсынылатын тың идеялар білім мен технология саласын жаңа белеске шығаратынына кәміл сенемін.

Осы маңызды шараға қолдау білдірген барлық серіктестерімізге, спикерлер мен ұйымдастырушыларға шынайы алғысымды айтамын.

Сіздердің белсенділіктеріңіз – ортақ цифрлық болашағымызға деген сенімнің көрінісі.

Баршаңызға жемісті жұмыс, мазмұнды пікірталас және толағай табыстар тілеймін!

IV Digital Farabi 2026 халықаралық форумын ашық деп жариялаймын!