- Басты бет
- Сөйлеген сөздері
- І Баку түркология құрылтайының мерейтойына арналған халықаралық симпозиумдағы сөзі
І Баку түркология құрылтайының мерейтойына арналған халықаралық симпозиумдағы сөзі
Құрметті зиялы қауым,
ардақты ғалымдар мен ұстаздар!
Қадірлі қонақтар және шетелдік әріптестер!
Değerli konuklar, saygıdeğer bilim insanları, Türk dünyasının aziz temsilcileri! Hepiniz hoş geldiniz!
Баршаңызды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ жеріне, Алматы шаһарына қош келдіңіздер!
Бүгін біз қасиетті қара шаңырақта түркі дүниесінің ғылымы мен руханияты үшін айрықша мәні бар тарихи оқиға – І Баку түркологиялық құрылтайының 100 жылдығына арналған халықаралық симпозиумның ашылуында бас қосып отырмыз.
Өмірімнің елеулі бөлігін түркітану ғылымы мен бауырлас елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтуға арнаған жан ретінде бұл айтулы форумның маңызын терең сезінемін.
Түркітану – тек өткен тарихты шежірелеу емес, ортақ болашағымыздың іргетасы.
Ғасырлық тарихы бар бұл форум – күллі түркі әлемінің ортақ жадын жаңғыртып, мәдени-рухани тұтастығымызды бекемдейтін бірегей басқосу.
Біз осы алқалы жиын арқылы ата-бабаларымыз аманат еткен ұлы мұраны ұлықтап, болашақ ұрпаққа бағыт-бағдар беретін жаңа ғылыми белестерді қалыптастырамыз.
Халықаралық форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ және Оңтүстік Кореядан келген белгілі ғалымдар мен халықаралық ұйым басшыларының қатысуы бүгінгі шараның халықаралық деңгейі мен ғылыми мәртебесін айқындап тұр.
Sayın forum katılımcıları!
XX yüzyılın başında düzenlenen Birinci Bakü Türkbilim Kurultayı Türk dünyasının bilimsel düşüncesini yeni bir düzeye taşıyan büyük bir tarihi olmuştur. İşte o zaman, ortak bilimsel ve manevi alanımızın temelleri atılmış, dil, yazı, kültür ve Türk halklarının ortak geleceği gibi temel konular gündeme getirilmiştir.
Yüzyıllık bir tarihin ardından, o kurultayın derin özü ve dersleri güncelliğini yitirmemiştir. Aksine, küreselleşme ve dijitalleşme çağında, ülkelerimiz arasındaki bilimsel ve kültürel işbirliğinin güçlendirilmesi her zamankinden daha önemli hale gelmektedir.
Türkoloji sadece bir bilim dalı değildir. Bu, Türk halklarının tarihsel hafızasını, eşsiz kültürel kodunu ve manevi birliğini korumanın güçlü bir aracıdır. İşte bu nedenle, tek bir alfabe ve dil politikasından dijital beşeri bilimlere ve yapay zekanın uygulanmasına kadar bugünkü sempozyumun gündemine getirilen konular, tüm Türk dünyasının geleceği için stratejik öneme sahiptir.
Құрметті форум қатысушылары!
Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті –әлемнің үздік 200 университетінің қатарындағы іргелі зерттеу орталығы.
Біз дәстүрлі ғылымды заманауи технологиялармен ұштастыруға ерекше мән береміз.
Қазіргі XXI ғасырда тілдік мұраны сақтау тек архив пен кітапта ғана емес, жасанды интеллект жүйелері мен цифрлық платформаларда жалғасуы тиіс. Осы ретте, университетте іске қосылған жоғары өнімді суперкомпьютерлік кластер үлкен деректерді өңдеуге және цифрлық гуманитаристика саласын ілгерілетуге жаңа серпін берді.
Біз «Тіл-Қазына» ұлттық орталығымен бірлесіп мемлекеттік тілдің жасанды интеллект жүйелеріндегі қолданыс аясын кеңейту бағытында бірегей жобаларды жүзеге асырудамыз.
Сонымен қатар қара шаңырақтың ғылыми-рухани мақтанышы – Фараби кітапханасы. Мұнда түркітанушы ғалымдар үшін теңдессіз дереккөз болып табылатын XVII-XIX ғасырларға тиесілі мыңдаған сирек қолжазбалар мен құнды жәдігерлер көздің қарашығындай сақтаулы.
Ортақ мұраны ұлықтау мақсатында университетімізде Түркология және алтаистика институты, Жазба жәдігерлер орталығы жемісті жұмыс істеп келеді.
Өткен жылы ашылған академик Әбдуәли Қайдар атындағы Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы орталығы бауырлас елдердің академиялық ықпалдастығын жаңа деңгейге көтерді.
Уважаемые гости, дорогие коллеги!
Казахский национальный университет имени аль-Фараби всегда искренне заинтересован в тесном сотрудничестве с высшими учебными заведениями и научными институтами тюркского мира. Ведь интеграция в сфере образования и науки – это самый надежный путь к духовному сближению наших народов.
В этой связи наше многолетнее и плодотворное партнерство с организацией ТЮРКСОЙ и братским Бакинским государственным университетом служит ярким примером эффективного взаимодействия во имя общих целей.
Я хочу выразить искреннюю благодарность:
Международной тюркской академии,
Фонду тюркской культуры и наследия,
организации ТЮРКСОЙ,
Турецкому лингвистическому обществу,
Бакинскому государственному университету и всем партнерским институтам, которые выступили инициаторами и организаторами этого масштабного международного форума.
Также выражаю глубокую признательность нашим высокопоставленным гостям, руководителям международных организаций, известным ученым-тюркологам и молодым исследователям, которые специально прибыли для участия в сегодняшнем симпозиуме.
Құрметті қауым!
Бүгінгі симпозиумда айтылатын әрбір ғылыми ой мен сындарлы ұсыныс бауырлас халықтардың интеллектуалдық келешегіне қызмет етеді деп сенемін.
Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби: «ылым – адамзаттың шамшырағы», – деген.
Бүгінгі басқосу да түркі әлемінің ортақ ғылымы мен руханиятына жол көрсететін жарқын шамшыраққа айналсын!
Симпозиум жұмысына сәттілік тілеймін!