Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Заң факультетінде оқытушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды курс өттіFarabi University

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Заң факультетінде оқытушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды курс өтті

3 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Заң факультетінде оқытушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды курс өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Заң факультетінде оқытушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды курс өтті.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы ұйымдастырған бағдарлама «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі: заңнама, алдын алу, құқық қолдану және жоғары білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті» деген өте өзекті тақырыпты қамтыды.

🎙 Курс лекторы: заң ғылымдарының кандидаты, ассистент профессор Сагалбаева Роза Ергалиевна.

Тәжірибелі ғалым заңнамадағы соңғы өзгерістерді, жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың (превенция) нақты механизмдерін және жоғары оқу орындарындағы парасаттылық принциптерін ілгерілету жолдарын жан-жақты түсіндірді.

Университет қабырғасындағы таза, әділетті әрі ашық академиялық орта – сапалы білім берудің басты кепілі! Біздің ұстаздар жастардың бойында жемқорлыққа қарсы берік иммунитет қалыптастыруда алдыңғы қатарда келеді.