Қазақстанның ғылыми элитасының қалыптасу бастауларыFarabi University

91ý

Қазақстанның ғылыми элитасының қалыптасу бастаулары

16 сәуір 2026
Қазақстанның ғылыми элитасының қалыптасу бастаулары

2026 жылғы 16 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде саясаттану мамандығының бакалаврларының тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы тарихи материалдарды зерттеу жөніндегі республикалық ақпараттық орталықтың директоры М.Қ.Абусеитовамен кездесуі өтті. Кездесуге сондай-ақ шығыстану мамандығының бакалаврлары қатысты.

 Меруерт Куатовна – ғылымды дамытуға терең берілген кәсіби маман. Ол «Саяси антропология» тақырыбы аясында қызықты презентация негізінде Еуропа елдерінде сақталған республика тарихына қатысты құжаттарды іздеу, анықтау және зерттеу нәтижелері туралы, сондай-ақ оларды іргелі еңбектер жазуда және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның көптомдық тарихын дайындауға тарту мәселелері жөнінде мазмұнды баяндама жасады.

 Мұндай кездесулер білім сапасын арттырып, жастардың ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығын күшейтеді, гендерлік теңдікті қамтамасыз етеді және жалпы адам капиталын дамытуға оң әсерін тигізеді. Бұл бағыттарды іске асыру Тұрақты даму мақсаттарының негізгі міндеттерін тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.

 Іс-шараны ұйымдастырушылар: саяси ғылымдар докторы, профессор Л.Ю.Зайниева және саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы оқытушысы Э.Н. Суимбаева.