Әз Наурыз мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер мен оқытушылар ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттады.
Мерекелік бағдарламада ұлттық ойындар, ән-күй, би қойылымдары және салт-дәстүр көріністері ұсынылды. Қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, бірлік пен татулықтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, студенттік қалашықтың ұйымдастыруымен қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, бауырсақ, наурыз көже таратылды.
Бұл іс-шара студенттердің рухани-мәдени дамуына серпін беріп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.



Басқа жаңалықтар
6 сәуір 2026
3 сәуір 2026