«Қауіпсіз кампус» - Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу — ҚазҰУ

91ý

«Қауіпсіз кампус» - Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

17 сәуір 2026
«Қауіпсіз кампус» - Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

2026 жылғы 17 суірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында Студенттік қалашықтың ұйымдастыруымен полиция қызметкерлері және студенттердің қатысуымен ашық әрі конструктивті диалог форматында профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шара барысында басты назар, қоғамдағы тәртіп пен жолдағы тәртіп және көлік мәдениетіне аударылды. Электркөліктің кеңінен таралуына байланысты студенттерге оны пайдалану талаптары түсіндіріліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді.

Кездесудің жеке бөлігі қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды. Студенттерге қоғамдық тәртіпті сақтау, ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу және күнделікті өмірде қырағылық танытудың маңыздылығы ескертілді.

Іс-шараға қонақтар ретінде

1. Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы (ҚҚБ) бастығының орынбасары, полиция майоры “Елеусизов Айтан Жоламанович”

2. Алматы қаласы ПД ӘПБ Әкімшілік практика бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі “Айнакулов Сакен Абдыкалыкович”

3. Алматы қаласы ПД ӘПБ жол-техникалық инспекция бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі “Беспаев Медет Раулович”

4. «Экономикалық және әкімшілік құқықбұзушылыққа қарсы күреске құқық қорғау органдарына жәрдем беру және қолдау қоғамы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі “Петров Евгений Николаевич қатысты

Осы іс-шараға орай «Заң мен тәртіп » атты іс шараларға белсене қатысып, жоғары жауапкершілікпен атсалысқан Полицияның қоғамдық көмекшілерін және Құқық тәртіп сақтау жасағаның атаулы мүшелерін алғыс хаттармен марапаттады.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершіліктің бұлжымайтындығы қағидатын нығайтуға бағытталған.