Шахматтан біріншілікке қатысуға өтінімдер қабылданудаFarabi University

91ý

Шахматтан біріншілікке қатысуға өтінімдер қабылдануда

21 сәуір 2026

Шахматтан біріншілікке қатысуға өтінімдер қабылдануда

Құрметті ҚазҰУ студенттері мен магистранттары! 

Сіздерді 25 сәуір күні ҚазҰУ спортклубы мен СӨС орталығы жетекшілігімен өткізілетін ШАХМАТТАН ашық біріншілікке шақырамыз.

Жарысқа 18-25 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатыса алады.

Өтетін орны: Әл-Фараби даңғылы, 71/30. ҚазҰУ спорт кешені (бассейн).

Басталуы: сағат 10:30

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Қатысуға өтінімдер +77751517820 whatsApp нөміріне 24 сәуірге дейін қабылданады. Орын саны шектеулі болғандықтан, қабылдау уақыты ерте жабылып кетуі мүмкін.

Маңызды ескерту! Жарысқа жазылып, болатыны күні ескертпей, келмей қалған қатысушы келесі шахмат жарыстарына қатыстырылмайды.