- Басты бет
- Жаңалықтар
- Цукуба университетіндегі ғылыми тағылымдама: зерттеу нәтижелері ұсынылып, тұрақты даму мақсаттары бойынша дәріс оқылды
Цукуба университетіндегі ғылыми тағылымдама: зерттеу нәтижелері ұсынылып, тұрақты даму мақсаттары бойынша дәріс оқылды
2026 жылғы 11-19 сәуір аралығында Экономика жне бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының зерттеушілер тобы Цукуба университетінің гуманитарлық жне әлеуметтік ғылымдар институтында (Цукуба қ., Жапония) тағылымдамадан өтті.
Іссапар AР26103913 гранттық жобасы аясында жүзеге асырылды.
Цукуба университеті-Халықаралық ғылыми жобалар мен университетаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысатын Жапонияның жетекші зерттеу университеттерінің бірі. Университет қызметінің негізгі бағыттары: орнықты даму, климаттық саясат, әлеуметтік-экономикалық модельдеу, орнықты даму мақсаттарын іске асыру (ТДМ).
Тағылымдама үшін Тұрақты даму жне трансшекаралық білім беру бастамалары (NipCA Project шеңберінде) мәселелеріне маманданған ғылыми-зерттеу бөлімшелерімен өзара іс-қимыл ерекше маңызға ие болды, бұл жүзеге асырылып жатқан жоба тақырыбымен тікелей байланысты. Тұрақты даму жне климаттық экономика саласындағы ғылыми-зерттеу міндеттерін орындау, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында агроөнеркәсіптік секторға климаттық өзгерістердің әсерін бағалаудың шетелдік тәсілдерін зерделеу; ұзақ мерзімді климаттық тәуекелдерді макроэкономикалық модельдеу әдістерін талдау; ғылыми іс-шараларға жне академиялық пікірталастарға қатысу; халықаралық алаңда білім беру қызметін жүргізу; ғылым мен білім беруді интеграциялау саласында тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
13 сәуірде Humanities and Social sciences институтының деканы Usuyama Toshinobu мырзамен ресми кездесу өтті, ол университеттің білім беру жне ғылыми қызметімен жне халықаралық бағдарламаларымен таныстырды. Сонымен қатар, аграрлық саланы зерттеуге маманданған профессор Hisato Shuto мырзамен кездесу барысында ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың заманауи сын-қатерлері, климаттық тәуекелдер жне ғылыми ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары талқыланды.
Тағылымдама шеңберінде University of Tsukuba магистранттарына жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін ұсынуға жне оларды орнықты даму мен климаттық сын-қатерлер контекстінде түсіндіруге баса назар аудара отырып, орнықты даму мақсаттарына (ТДМ) арналған дәрістер өткізілді. Дәріс тақырыптары: &ܴ;Климаттың өзгеруі жағдайында Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (ТДМ 2, ТДМ 13 контекстінде)”жне &ܴ;Ашаршылық жоқ, бірақ тәуекелдер өсуде: қазіргі экономикадағы азық-түлік қауіпсіздігінің сын-қатерлері (ТДМ 2, ТДМ 12, ТДМ 8 шеңберінде)”. Сондай-ақ, магистратура студенттеріне “Болашақтың тағамы” тақырыбында брейнсторминг өткізіліп, зерттеу нәтижелері, азық-түлік қауіпсіздігіне жаһандық жне өңірлік қатерлерді талқылау ұсынылды.
Цукуба университетінде ТДМ жне пәнаралық өзара іс-қимыл контекстінде кадрлар даярлауға бағытталған мамандандырылған бағдарламалар мен ұйымдастырушылық құрылымдар жүзеге асырылады. ҚазҰУ үшін оқу бағдарламаларына тұрақты даму, азық-түлік қауіпсіздігі жне климат экономикасы тақырыптарын енгізуді күшейту орынды, бұл мамандарды даярлаудың өзектілігін жне олардың жаһандық сын-қатерлерге сәйкестігін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, University of Tsukuba тәжірибесі интернационалдандырудың жүйелі дамуы, жарияланым белсенділігінің күшеюі жне халықаралық академиялық желілерге интеграциялану университеттің жаһандық рейтингтердегі позицияларын арттырудың негізгі факторлары болып табылатынын растайды.
Басқа жаңалықтар