179 мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру кездесуі өттіFarabi University

91ý

179 мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

22 сәуір 2026
179 мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру кездесуі өтті


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында 179 мектептің оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатындағы танысу кездесуі өтті. Іс-шара барысында оқушылар факультеттің білім беру мүмкіндіктерімен, дайындық бағдарламаларымен және университеттің оқу үдерісімен танысты.
Кездесу барысында факультеттің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Тәуекелов Н.Б. сөз сөйлеп, талапкерлерге университеттің білім беру ортасы, жоғары білім алудың маңыздылығы және болашақ мамандық таңдаудың жауапкершілігі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі Тилеужанова Г.Т. кафедраның қызметі, талапкерлерді жоғары оқу орнына дайындау бағытындағы жұмыстар және оқу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.
Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына жоғары оқу орнына дейінгі дайындық жүйесі туралы ақпарат беру, олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағыт көрсету және университеттің білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру.
Аталған кездесу Тұрақты даму мақсаты 4: Сапалы білім аясындағы сапалы білім беру қағидаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Мұндай іс-шаралар жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақта дұрыс кәсіби бағдар алуына ықпал етеді.