Халықаралық ағылшын тілі «Grammar Lovers» интеллектуалды байқауы. — ҚазҰУ

91ý

Халықаралық ағылшын тілі «Grammar Lovers» интеллектуалды байқауы.

26 сәуір 2026
Халықаралық ағылшын тілі «Grammar Lovers» интеллектуалды байқауы.

   6-шы халықаралық ағылшын тілі «Grammar Lovers» интеллектуалды байқауы 2026 жылдың сәуір айында сәтті өтті. Оны Ресей Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының Волгоград басқару институты, Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы және Тұран университеті (Қазақстан) ұйымдастырды. Байқауға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері қатысты.

   Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстанда оқитын 183 қатысушы қатысты.

   Байқау Волгоград басқару институтының Moodle онлайн оқу платформасын пайдаланып, қашықтықтан өткізілді.

   VI халықаралық ағылшын тілі «Grammar Lovers» интеллектуалды байқауының қорытындысын шығара отырып, келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды:

3 орын – Амангелді Гүлназ, Асылбек Мерей, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан.