Жоғары жүктемелі жүйелердегі DevOps рөлі
2026 жылғы 25 сәуірде Ақпараттық жүйелер кафедрасында "Жоғары жүктемелі ақпараттық жүйелер және жасанды интеллект" білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен "Жоғары жүктемелі жүйелердегі DevOps рөлі" тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - студенттерді DevOps тәсілінің негізгі қағидаттарымен таныстыру, оның жоғары жүктемелі жүйелердегі маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ заманауи IT-инфрақұрылымды басқару бойынша теориялық білімдерін кеңейту болды.
Кураторлық сағат барысында DevOps тұжырымдамасының мәні, CI/CD үдерістері, контейнеризация технологиялары және оркестрация құралдары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелердің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, автоматтандыру, масштабтау және инфрақұрылымды тиімді басқару мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, тақырып аясында сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Қорытындылай келе, кураторлық сағат өз мақсатына жетті, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.
Кураторлық сағатты ВИССИИ 24-01, 24-02 топтарының кураторы Барат Б.Т. өткізді.