Финансовое мошенничество в молодежной среде: профилактика и информационный иммунитетFarabi University

91ý

Финансовое мошенничество в молодежной среде: профилактика и информационный иммунитет

21 Сәу, 2026
Финансовое мошенничество в молодежной среде: профилактика и информационный иммунитет

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде Freedom Finance BANK компаниясының менеджері Касенов Мурат Касеновичтің қатысуымен студенттерге арналған шеберлік сабағы өтті. Кездесу барысында қаржы нарығының негізгі тетіктері түсіндіріліп, жастар үшін өзекті тақырыптар кеңінен қамтылды.

Іс-шараның негізгі бағыты «Жастар ортасындағы қаржылық алаяқтық: алдын алу және ақпараттық иммунитет» мәселесіне арналды. Спикер қазіргі таңда кең таралған интернет-алаяқтық түрлерін талдап, олардың жұмыс істеу тәсілдерін нақты мысалдармен көрсетті. Әсіресе, жалған инвестициялық ұсыныстар, фишингтік сілтемелер және әлеуметтік желілер арқылы таралатын күмәнді жобаларға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, студенттерге ақпараттық иммунитет қалыптастырудың маңызы түсіндіріліп, жеке деректерді қорғау, қаржылық шешім қабылдауда сақтық таныту, сенімді ақпарат көздерін анықтау бойынша практикалық кеңестер берілді. Кездесу барысында инвестиция негіздері мен қаржылық сауаттылықты арттыру жолдары да қамтылды.

Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың қаржылық мәдениетін арттырып, алаяқтықтың алдын алуға және саналы шешім қабылдауға бағыт береді.