ҚазҰУ студенттері республикалық олимпиадада топ жарып, «Antidote» командасы І орынды иеленді — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ студенттері республикалық олимпиадада топ жарып, «Antidote» командасы І орынды иеленді

29 сәуір 2026
ҚазҰУ студенттері республикалық олимпиадада топ жарып, «Antidote» командасы І орынды иеленді

29 сәуір күні Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде «6B03101 – Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға күндізгі оқу бөлімінің 2–3 курс бакалавриат студенттері қатысты.

Жеңімпаз ретінде 3 курс студенттерінен құралған «Antidote» командасы анықталды. Команда құрамында: Жумагали Медина, Заир Динара Жантурсынкызы және Алпысбай Аяулы.

Команда жетекшісі: Абдирайымова Г.С., әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы.