Қазақстан мен Қытайдың мәдениет жылы аясында мәдени-танымдық экскурсияFarabi University

91ý

Қазақстан мен Қытайдың мәдениет жылы аясында мәдени-танымдық экскурсия

18 сәуір 2026
Қазақстан мен Қытайдың мәдениет жылы аясында мәдени-танымдық экскурсия

Қазақстан-Қытай мәдениеті жылы жарияланған аясында кафедраның аға оқытушысы, заң магистрі Қанат Насырұлы Әлихан заң факультетінің шетелдік студенттеріне мәдени-танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттер «Алатау» шығармашылық орталығына, «Қазақ өнері» ұлттық қауымдастығына және дәстүрлі музыка мультимедиа орталығына барып, қазақ халқының бай мәдени мұрасы, ұлттық өнері және дәстүрлерімен танысты.


Экскурсия студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, қазақстандық мәдениет туралы білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ осы әртүрлі елдердің өкілдері арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға көмектесті.


Іс-шара жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық пен бай бағдарламаны қамтамасыз еткен мәдени мекемелер өкілдерінің қолдауының арқасында ерекше маңызды болды.