Денсаулық мәдениетін қалыптастыру және цифрлық әл-ауқатты нығайту
026 жылғы 18 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде О. Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 1-курс студенттерімен санитарлық-ағарту жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға салауатты өмір салтының негізгі қағидалары, дене белсенділігінің және күн тәртібінің маңызы, дұрыс тамақтанудың негіздері мен оның еңбек қабілетіне әсері таныстырылды.
Цифрлық әл-ауқат мәселелеріне ерекше назар аударылды: әлеуметтік желілерге тәуелділіктің пайда болу себептері, оның жастардың психоэмоциялық жағдайына және оқу қызметіне ықпалы, сондай-ақ алдын алу мен өзін-өзі бақылау тәсілдері талқыланды.
Іс-шара жастардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыруға және өмір сапасына әсер ететін заманауи факторлар туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.