Арал теңізі бассейнінің әсерін зерттеуге арналған Экоинформатика бойынша магистрлік бағдарламаларды дамытуFarabi University

91ý

Арал теңізі бассейнінің әсерін зерттеуге арналған Экоинформатика бойынша магистрлік бағдарламаларды дамыту

6 мамыр 2026
Арал теңізі бассейнінің әсерін зерттеуге арналған Экоинформатика бойынша магистрлік бағдарламаларды дамыту

 

Жоба атауы: «Арал теңізі бассейнінің әсерін зерттеуге арналған Экоинформатика бойынша магистрлік бағдарламаларды дамыту»

Қысқартылған атауы: MECAS

Тіркеу нөмірі: 101237042

Жүзеге асыру мерзімі: 01.11.2026 – 31.10.2028

Жобаның мақсаты

Өзбекстан мен Қазақстан университеттерінің Арал теңізі бассейніндегі экологиялық мониторинг және табиғатты пайдалану саласындағы әлеуетін арттыру, әсіресе теңіздің тартылуынан туындаған экологиялық дағдарыс жағдайында.

Жоба міндеттері

  1. Инновациялық магистрлік бағдарламаны (Ecoinformatics) әзірлеу және енгізу
    • ЕО стандарттарына және ұлттық саясатқа сәйкес заманауи экоинформатика оқу курсын әзірлеу
    • Тұрақты дамуға бағытталу және озық тәжірибелерді енгізу
  2. Студенттердің құзыреттері мен дағдыларын арттыру
    • Экология және тұрақты даму саласындағы кәсіби білімді дамыту
    • Геоақпараттық жүйелерді (GIS) және цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіру
    • Түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру
  3. Университеттердің материалдық-техникалық базасын нығайту
    • GIS және басқа да цифрлық құралдарды енгізу
    • Экоинформатиканы оқу процесіне енгізу
  4. Серіктестер арасындағы ынтымақтастықты дамыту
    • ЕО, Қазақстан және Өзбекстан университеттері арасында ғылыми байланыстар орнату
    • Мемлекеттік органдар, бизнес және ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесу
  5. «Жасыл экономикаға» көшуге қолдау көрсету
    • Экология саласында инновациялық шешімдерді енгізу
    • Арал өңірінің тұрақты дамуына үлес қосу

Жоба сайты:

Консорциум құрамы

Университет / Ұйым Ел
Нукус мемлекеттік техникалық университеті Өзбекстан
Турин политехникалық университеті Италия
Бейра-Интериор университеті Португалия
Обреал жаһандық обсерваториясы Испания
Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты Өзбекстан
Әл-Хорезми атындағы Ургенч мемлекеттік университеті Өзбекстан
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақстан
«ECOSERVICE-S» ЖШС Қазақстан
«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Қазақстан
«Арало-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан
Қарақалпақстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі Өзбекстан
Қарақалпақстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі Өзбекстан
Арал теңізі мен Әмудария өзенін қорғау одағы Өзбекстан

Жобаның мақсатты топтары

1. Оқытушылар мен зерттеушілер — Экоинформатика, экологиялық мониторинг және табиғатты пайдалану салаларында біліктілікті арттыру.

2. Магистратура студенттері — Инновациялық магистрлік бағдарлама арқылы кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.

3. Білім беру ұйымдары мен университеттер — Зертханаларды жаңғырту және материалдық-техникалық базаны нығайту.

4. Мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және ҮЕҰ — Серіктестікті дамыту және «жасыл экономикаға» көшуді қолдау.

Негізгі нәтижелер

  • Біліктілікті арттыру: Оқытушылар мен зерттеушілердің құзыретін арттыру, цифрлық технологияларды меңгеру, тренингтер мен семинарлар өткізу.
  • Академиялық курстар: «Ecoinformatics» магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу.
  • Зертханалар: Оқу-ғылыми зертханаларды құру және жаңғырту, заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету.
  • Басқа нәтижелер: Халықаралық ынтымақтастықты нығайту, жасыл экономикаға үлес қосу және тұрақты желілер құру.

Жоба жетекшісі

Базарбаева Турсынкул Аманкельдиевна

Байланыс деректері: +7 705 132 06 20