Гонконг университетімен ынтымақтастық кеңеюде — ҚазҰУ

91ý

Гонконг университетімен ынтымақтастық кеңеюде

6 мамыр 2026
Гонконг университетімен ынтымақтастық кеңеюде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Гонконг политехникалық университетінің вице-президенті Джеффери Шэньмен кездесу өткізді.

Тараптар жоғары білім мен ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ жетістіктеріне тоқталып, қос университет арасындағы әріптестік байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Біздің университет халықаралық серіктестікті дамытуға әрдайым басымдық береді. Гонконг политехникалық университетімен орнатылған байланыс екі оқу орны үшін де маңызды. Біз бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, ғылыми зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге мүдделіміз», – деді ректор.

Өз кезегінде Джеффери Шэнь Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен серіктестік орнатуға және ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі