Ланьчжоу университеті базасында «Қытай – Орталық Азия: мемлекеттік басқару және тұрақты даму» халықаралық форумы өттіFarabi University

91ý

Ланьчжоу университеті базасында «Қытай – Орталық Азия: мемлекеттік басқару және тұрақты даму» халықаралық форумы өтті

20 мамыр 2026
Ланьчжоу университеті базасында «Қытай – Орталық Азия: мемлекеттік басқару және тұрақты даму» халықаралық форумы өтті

      2026 жылғы 14 мамырда Ланьчжоу университетінде «Қытай – Орталық Азия: мемлекеттік басқару және тұрақты даму» халықаралық форумы (2026) ұйымдастырылды. 

   Аталған халықаралық ғылыми іс-шараға университетіміз атынан халықаралық байланыстар департаментінің директоры Өміржанов Есбол Тоқтарбаевич және қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы қатысып өз баяндамаларын жасап, ғылыми-академиялық тәжірибе алмасу жұмыстарына белсенді атсалысты. 

     Форум аясында мемлекеттік басқаруды жаңғырту, тұрақты даму, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі жоғары сапалы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қатысушылар Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы өзара ықпалдастықты дамыту, ғылыми байланыстарды нығайту және өңіраралық серіктестікті кеңейту бағытында пікір алмасты.

Іс-шара барысында Қытай мен Орталық Азия арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге, ортақ даму мен өзара сенімге негізделген серіктестікті дамытуға бағытталған академиялық көзқарастар мен практикалық ұсыныстар ұсынылды. Форум халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерінің басын қосып, білім мен ғылым саласындағы жаңа серіктестік байланыстарды дамытуға маңызды алаң болды.