«Әлеуметтік және ұйымдық психологиядағы ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы»Farabi University

91ý

«Әлеуметтік және ұйымдық психологиядағы ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы»

25 мамыр 2026
«Әлеуметтік және ұйымдық психологиядағы ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы»

2026 жылғы 1 маусым мен 26 маусым аралығында әр дүйсенбі және жұма күндері сағат 10:00–13:00 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің 123 аудиториясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.

Семинарды АҚШ-тың Калифорния штатындағы Virscend University аға ғылыми қызметкері, Пәкістанның Лахор қаласындағы Punjab University қауымдастырылған профессоры, доктор Раб Наваз Лодхи жүргізеді.

ылыми семинар тақырыбы:
«Әлеуметтік және ұйымдық психологиядағы ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы»

Іс-шара барысында әлеуметтік және ұйымдық психология саласындағы заманауи ғылыми зерттеу әдістері, теориялық бағыттар, академиялық зерттеу жүргізудің ерекшеліктері мен халықаралық тәжірибелер кеңінен қарастырылады.

ылыми семинарға оқытушылар, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылады.