Оқу практикасы аясында қонақ дәрісFarabi University

91ý

Оқу практикасы аясында қонақ дәріс

26 мамыр 2026
Оқу практикасы аясында қонақ дәріс

2026 жылдың 25 мамыр күні  Экономика және бизнес жоғары мектебі Қаржы және есеп кафедрасының 1 курс «Қаржы» және «Есеп және аудит» БББ-ның 1 курс студенттеріне Экономика және бизнес жоғары мектебі мен Freedom Life компаниясымен мемарандум аясында Қазақстандағы қаржылық сауаттылықты арттыруға белсене қатысатын маман, жоба менеджері және дәріскер Досниязова Үміт Қуанышбекқызы «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және ұлттық қаржы жүйесі мен жинақтау мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беру. Білім беру дәрісі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды арттыруға және лайықты жұмыс үшін жағдайлар жасауға бағытталған 8-ші «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» Тұрақты даму мақсатына сәйкес ұйымдастырылды. Бұл дәріс студенттерге қаржылық сауаттылықты ерте жастан үйрету — болашақта тұрақтылық пен саналы шешім қабылдаудың негізі болатынын және болашақ экономикалық белсенді азаматтар ретінде қаржылық шешімдер қабылдауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Freedom Life — 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық ірі өмірді сақтандыру компаниясы. Ол халықаралық деңгейде танымал Freedom Holding Corp. холдингінің құрамына кіреді. Компания цифрлық қызметтерге бағытталған және өмірді, денсаулықты сақтандыру мен инвестициялық бағдарламаларды ұсынады. Дәріс аясында қаржылық сауаттылықты студенттерге түсіндіру – президенттің Жолдауында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше назар аудару берілген тапсырмалардың бірі. Президент бұл арқылы халықты қаржылық мәдениетке баулу, әсіресе, несиеге тәуелділіктен арылу мәселесін шешуді көздеген болатын. Сондықтан студенттердің қаржы сауаттылығын арттыру – бүгінгі күннің сұранысына сай келетін, болашақ буынды қаржылық тұрақтылыққа баулуға бағытталған маңызды қадам. Енді студенттер ақшаны тек жұмсауды емес, оны жоспарлы түрде көбейтуді, қаржылық мақсат қоюды және оған жету жолдарын нақты есеппен бағамдауды үйренетін болады.

Дәріс интерактивті форматта өткізілді, тәжірибелік мысалдар келтірілді, нақты өмірлік жағдайлар талқыланды және студенттерді пікірталасқа тартты. Бұл олардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырды, аналитикалық және сыни ойлауды дамытты, сондай-ақ практикалық дағдыларды дамытты. Дәрістің негізгі міндеттері мынандай: студенттер қаржыны үнемдеу және сақтау шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру; ақшаны тиімді жұмсауға үйрету; студенттің өзіне тиесілі ақша қорының шыққан көзін жақсы білуін қамтамасыз ету (табыс көзі, жинаған ақшасының көлемі, инвестиция, қарыз және тағы басқалар); экономикалық және қаржылық мазмұндағы жаттығулар, күмәнді қаржы ұйымдары, олардың пайда болу себептерін, құрылымын және жұмыс істеу механизмін түсіндіру. "Бай әке, кедей әке" бестселлерінің авторы Роберт Кийосаки жеке тұлғаның қаржылық-экономикалық сауаттылығы салық кодексін білуден; бухгалтерлік есепті теориялық және практикалық білуден; кірістер мен шығыстардың базалық жоспарын құрудан; "ақша" ұғымын білуден және оны пайдаланудан тұрады деп жазған. Бұл негіздер студенттердің қаржылық сауаттылығының негізі, сондай-ақ "Қаржы"мамандығының түлектерін шығаратын кафедраның тұрақты даму мақсаты болып табылады. Осыған байланысты қаржылық сауаттылық студенттерге тұрақты даму мақсаттары мен міндеттерін орындауға, сапалы білім алуда өз жоспарларын табысты іске асыруға көмектеседі. Яғни, студент негізгі және жетілдірілген экономикалық ұғымдарды неғұрлым жақсы түсінсе, соғұрлым ол болашақта өз өмірін қалай жақсартуға болатынын түсінеді. Студенттердің сапалы білім алу мақсаттарының бірі-қаржылық сауаттылық.

Университеттегі қаржылық сауаттылық дәрістері маңызды, өйткені ол студенттер ақшаны басқаруға үйретеді: бюджет құру, үнемдеу және ақшаға жауапты болу. Бұл білім пайдалы және қаржылық тұрғыда тұрақты қоғам құруға көмектеседі.