- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей басшыларының стратегиялық серіктестігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі басталды.
Қазақстан мен Ресей басшыларының стратегиялық серіктестігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі басталды.
Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылау жоспарланған болатын. Сондай ақ, екі ел арасындағы тарихи мәселелерде қамтылып. Сонау XIX ғасырдың 20-жылдарындағы
Ұлы жүздің ішкі жағдайы Хан билігінің әлсіреуі, Ұлы жүздің аумағында біртұтас хан билігі жойылғандығы тарихтан белгілі. Сырдария өңірінің қазақтары ықпалды хан Арынғазыға үлкен үміт артқан еді. Сыртқы агрессия Жергілікті қазақ халқына Орта Азия мемлекеттері, соның ішінде әсіресе Қоқан мен Хиуа хандықтары жиі-жиі шабуыл жасап отырғандығы мәлім. Бұл аймақтардағы қазақтар Ресеймен баж салығын төлемей-ақ сауда жасауға қатты қызығушылық танытты. Ішкі алауыздық салдарынан бұл аймақ елге ықпалы шамалы бірнеше сұлтанның билігіне бөлінген еді. Елдің басын біріктіретін, ішкі алауыздық пен айтыс-тартысты тыятын сыртқы агрессияға қарсы тура алатын мықты күш елде болған жоқ еді. Осындай саяси әлсіздік Қазақстанның Ресей империясына қосылуына негізгі себеп болды. Сонау өткен ғасырлардан бастау алатын екі ел арасындағы саяси, экономикалық байланыс достық ынтымақтастықпен жалғасын тауып келеді.
Баймуратова И.А., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының ассистент-профессоры