Төре және Шыңғыс ханның жасағы: заң мен тәртіптің тарихи бастауы — ҚазҰУ

91ý

Төре және Шыңғыс ханның жасағы: заң мен тәртіптің тарихи бастауы

28 мамыр 2026
Төре және Шыңғыс ханның жасағы: заң мен тәртіптің тарихи бастауы

Тарих ғылымында адами қызметтің ерекше сферасын құрайтын билік және билік жүргізу қатынастарына арнайы назар аударылады және соған сәйкес саяси мәдениетке едәуір көңіл бөлінеді. Себебі саяси мәдениет әлеуметтік құрылымның құқықтық қызметінің ерекше әдісі. Мемлекеттілік – қоғам және оның даму жетістіктерінің көрсеткіші, сонымен бірге мемлекетті қорғау мен өркендетуге бағыттайтын идеологиясы әрі саяси, мәдени бағдаршамы. 

Зерттеу парадигмалары тү­рік тайпалары қолданған Төре мен Шыңғыс ханға дейінгі моң­ғолдар төресі арасындағы едә­у­ір айырмашылықтарды көр­сетіп берді. Ертетүрік мем­­­­ле­кет­терінде төрені құ­қық шы­­ғармашылығымен шұ­­­ғыл­­дан­­ған билеушілер қа­лып­тас­тырды. Бұл құқық шы­ғар­ма­шы­лығы туралы атақты Орхон жазула­рын­да және басқа да руникалық жазба ескерткіш­те­рінде сақ­талған. Аталған жаз­ба­ларда «төре» термині жиі кез­деседі және хан заң шы­ғар­машы­лы­ғының өнімі екені атап көрсе­ті­леді. В.В.Трепавловтың  пікірі бойынша, «төре реттейді» дей­тін мәселелер (оң және сол қанатқа әкімшілік бөлу жүйесі, жоғары лауазымдарға ұсыну тәртібі, халықты жаулап алу және бағындыру, табыс пен олжаны бөлу) нақты ешқандай дереккөз мәліметтерімен құп­талып расталмастан гипотеза дең­гейінде қалған жайы бар. Көр­сетілген іс-әрекет сфера­ла­ры тек моңғолдарға тән емес, Еуразия көшпелі импе­рия­ларының көпшілігіне тән еді. Сондықтан, тарихшы­лар­­дың басым бөлігінің па­йы­­мын­ша, бұл сфераларды мем­ле­кеттік рет­теу нормала­ры­нан гөрі халықтың салт-дәстүр­ле­рі­не жатқызған дұ­рыс болады. Нақты құқықтық нормалар жүйе­сінен қа­ғи­да­лар жиын­ты­ғына ай­налған Төре моңғол қо­ғамы құ­қық­тық жүйе­сінің ажы­ра­мас бөлігі ретінде ба­­­ға­­лан­ды. Осы­ған байла­ныс­ты ре­­сей­лік зерттеуші Р.Ю.По­­­че­каев мынадай қорытынды жасайды: «Төре моңғол им­периясы мен одан кейінгі Шың­ғыс ұрпақтары мемле­кет­те­рінің құқықтық жүйе­сінің ма­ңыз­ды ажырамас элементі болып саналады. Төре құқықтық қатынастарды реттеу негізінде қолданылған құқық формала­ры­мен қатар, басқа да құқықтық  дерек көз­дері (Йосун, Ұлы  жасақ т.с.с.) пайдала­ныл­ған. Тарих ағы­сын­да жүздеген жылдар бойына Төре моң­ғол­дың жазба заң­на­масы, мұсыл­ман құқығы нор­ма­ларымен қатар, Шыңғыс ұрпақтары би­ле­ген мемлекет­тер­де қолда­ныс­тағы құқықтық дерек көзі болып қала берді. Моңғол мемлекетінің империя­лық заңнамасы Яса түрік құ­қы­ғы төренің негізгі нормалары мен қағидаларын пайдаланды. Батыс зерттеушісі Дж. Флетчер моңғол қоғамы басқарудың негізгі қағидалары тек басқару әдістерін ашып көрсете оты­рып былай дейді: «Хан бақы­лауын күшейтудің идео­ло­гия­лық құ­ралының құдіреті бүкіл әлемге дары­ған, жеңіс әкелетін тә­ңірге сенім болды. Бүкіл­әлем­дік жо­ғарғы құдай идеясы жер бе­тіндегі біртұтас әмбебап сфе­ра мүм­­кіндігі болған еді және жо­ғарғы құдай осы әм­бе­бап сфераға басқарушы та­ғайын­дау арқылы бүкіл әм­бебап сфераға өзінің билігін жүргізеді». Сон­дықтан түріктер жасаған анық және айқын нор­малар жүйесі Төре моңғол мем­лекетін құру ке­зеңінде та­са­да қалды да, енді бұрынғы құ­ді­ретті далалық импе­рия­лар­дың атрибут­та­рының біріне ай­нал­ды. Көр­сетілген үрдіс­тер­­дің күрделенуі, бір би­леу­шінің бас­қару функ­цияларының бар­лығын жүзеге асыру мүм­кін­ді­гі­не әсер етті. XIII ға­сыр­дың ор­та шенінде Шыңғыс хан әс­керінің жаулап алу жорық­та­ры нәтижесінде мемлекеттің құра­мына көшпелі аумақта­ры­мен бірге негізінен отырықшы халық қоныстанған жерлер де енді. Моңғол империясы ме­га­импе­рия­ға айналды, оның құ­ра­мын­да түрлі саяси, жүйе құ­раушы құ­рылымдар (ұлыстар, қанат­тар, егіншілк аумақтары, діни бірлестіктер және т.б.) бол­ды. Мұның өзі моңғол им­пе­риясын бұрынғы импе­рия­лар­дан ерек­ше­лейтін, көшпелі империя құрудың мәжбүрлі алым және жаулап алу тип­те­рінің өзгеше бір симбиозы болды».

Түрік және моңғол дәстүр­ле­рі мидай араласып, нә­ти­же­сін­де Ясаның мазмұнын құра­ды. Шыңғыс ханның сая­си-құ­қықтық реформалары моң­ғол тайпаларының салт-дәс­түр­ле­рін түп-тамырымен өз­­гертіп, жаңа империялық тәр­­тіпті ор­нық­тыратын Ұлы Ясаны өмірге әкелді. Ескі тәр­тіпті қарсы­лық­сыз қиратуға бол­майтынын Шыңғыс хан  біл­ді, сондықтан өзінің ре­фор­ма­ларын кезең-кезеңімен жүзеге асырды. Осының бізге жеткен баптары­ның әрқайсысын та­қы­рыбы бо­йынша топтас­ты­руға болады: халықаралық қа­­ты­нас­тар, діни мәселелер, жо­ғар­ғы билік, мемлекеттік құ­рылыс және бағындырылған аумақтарды басқару, әскери іс және аңшы­лық жарғысы, қыл­мыстық құқық және жазалау ту­ралы ережелер. Яса құ­қық­тың түгелге жуық сфе­раларын рет­теді: мем­ле­кет­тік-әкім­ші­лік, қылмыстық, сауда,  эко­но­ми­ка­лық, әскери және салық­тық.  Ясаның міндеті дәстүрлі құ­қық нормаларын кодифи­ка­циялау емес, жаңа империяның қа­жет­тіліктеріне сәйкес жаңа құ­қықтық норма­лар жасау бо­латын. Дәстүрлі құқық деп ата­латын норма­лар­дың көптеген мәселелеріне Яса тоқтал­май­ды. Айталық, ру және  отбасы өміріне Яса аралас­пай­ды, тек қана қолданыстағы норма­лар­ды мақұлдайды. Яса кеңейе түскен империяда туын­даған мәселелер мен қа­жет­тіліктерді реттеу үшін және оларды хан заңнамала­рына сәй­кестендіру үшін жаңа құқық­тық нормалар жасайды. Импе­рия­лық заңна­ма рөлін атқарған Яса төренің негізгі нормалары мен қа­ғи­да­ларын негізге алды. Мұның өзі қағидатты жаңа заң­намаға эво­люциялық ілгерілеу жо­лы­мен, ешбір қарсылықсыз импе­рия­ның саяси-құқықтық жүйе­сінен өз орнын алуға мүм­кіндік туғызды. Шыңғыс хан заңна­ма­сының құндылығы мен ма­ңыз­дылығы сонда, ол өз бо­йына ежелгі түрік – моңғол құ­қығының нормалары мен Қы­тай, Иран және т.б. көрші, қа­­наттас мемлекеттері құқық­та­рының элементтерін сіңіріп, жинақтап алды.

Шыңғыс хан жасаған Яса – бұл халықтан, құрылтайдан немесе ежелгі салт-дәстүр­лер­­ден жеткен мұра емес, ті­келей ханнан келген құқық­тық жаңа, сапалы дерек кө­зі. Дәстүрлі құқық дерек көз­дері жауланған отырықшы-егінші аумақтар үшін жаңа ере­же­лері империя­лық заң­на­ма жи­­нақталып син­тез­де­нуі тиіс еді. Г.В.Вер­надский өзінің «Моңғолдар және Русь» атты  тарихи еңбегінде «Яса» сөзінің этимологиясын зерттеу ба­ры­сында терминді «тәртіп» не­месе «декрет» деп анықтады. Ясаның мазмұнын сараптай келе, бұл заң негізін қалаушы Шыңғыс хан кемеңгерлігінің жемісі деп қарастырады. Парсы тарихшысы Джувейни құдай рухтандырған Шыңғыс ханның санасы Ясаның дерек көзі бо­лып табылады деп жазды. Ав­тордың пікірі бойынша, Шың­ғыс ханның пайымы мен шешім­дері біртұтас тарихи, эко­номи­калық және әлеуметтік кеңістік пен ор­­таға бағытталған. Шың­ғыс ханның Ясаны жасау­дағы негізгі міндеті құқықтық жаңа жүйе жасап шығару бо­латын. Бұл құқықтық жүйе хан немесе империя құқығы ре­тінде бұ­рынғы дәстүрлі құ­қық­тан жо­ғары, үстем болуы тиіс еді. 

Ортағасырлық тарихшылар Рашид-ад-Дин және Марваи­зидің жазулары бойынша, Ұлы Яса 1206 жылы құрылтайда бекітілді.  Шыңғыс ханның бұ­дан кейінгі жылдары жеңістен жеңіске жалғасқан жорықтары Яса баптарына қосымшалар мен түзетулер енгізуді талап етті. Ясаны қайта қарау және ке­ңейту, сондақ-ақ Қытай, Иран және т.б. мемлекеттердің құ­қық­тық дәстүрлерін ескеріп, қолдану мақсатында 1218 жыл­ғы құрылтайда, одан соң 1225 жылғы құрылтайда Ясаның соңғы редакциясы бекітілді.

XIII ғасырдың бастапқы ке­зе­ңінде құрылған екі Моңғол ұлысы (Ұлы Моңғол мемлекеті) жазбаша құқық нормаларында бекітілген мемлекетті басқару үшін қажетті заңнамалық ере­же­лерді талдап жасауға мұқтаж болды. Бұл мақсатқа жету жо­лында туындаған сын-қатер­лер­ге жауап беру үшін дәстүрлі құқық нормаларына өзгерістер енгізіліп, олар ағымдағы күн тәртібінен ыңғайландырылды. Джувейнидің сөздері бойынша, Шыңғыс ханның Ясасы ұйғыр жазуымен тұмарға түсіріліп, «Ясаның ұлы кітабы» (Йасы-намейи бузург)  деп аталды. Біздің заманға дейін сақталған фрагменттерден мынадай қорытынды жасауға болады: Шыңғыс хан қаулыларының негізгі міндеті; феодалдану үстіндегі моңғол қоғамының сұраныстары мен қажет­ті­лік­терін өтей алатын жаңа құқық жүйесін жасау еді. Шыңғыс хан­ның Ясасы тек қана көшпелі өмір нормаларының регла­мен­тін бекітті. Шыңғыс хан сот істерін жүргізуді Шахи-хутуху нойонға тапсырды және оған былай деді: «Ұрлық, алдау оқи­ға­лары бойынша соттауды және жазалауды саған тап­сы­рамын; қылмыс жасағанды жазала; халыққа дүние-мүлікті бөлуді өзің шеш! Соңынан біреулер өзгертпес үшін қабыл­данған шешімдерді тас тақ­тай­ға жазып қоятын бол».

Бұл кезде көшпелілер кө­сем­дерінің билігі империялық сипатын жоғалтады да, көсем­нің іс-әрекеті, бірінші кезекте этникалық элита ішінде өз билігін сақтап қалуға бағыт­тал­ды. Бағындырылған мем­ле­кет­тердің көпшілігінде, әсіресе өздерінің құқықтық дәстүрлерін сақтаған Орта Азия мен Иран тұрғындарын жаңа құқыққа бағындыру өте ауыр және қиын қарекет болды. Әлеуметтік тұр­мыстық және қоғамдық өмірдің көптеген тұстары Ясамен рет­телмеген күйі қала берді, тіпті кейбір ережелері мұсыл­ман­дардың діни құқығы мен жер­гілікті халықтың салт-дәстүріне қарама-қайшы келді. Уақыт өте келе империяның батыс ұлыс­та­рындағы Шыңғыс ұрпақтары мен әскери-көшпелі ақсүйек­тері мұсылмандық мәдениет пен мемлекеттілік дәстүрлерін қабылдай бастады да, өз өмір­леріндегі Яса ұстанымдарының ықпалын шектеуге кірісті. 

Ортағасырлық құқықтың негізгі дерек көзі ретіндегі Шың­ғыс хан жасаған Ясаның мән-мағынасы Моңғол им­пе­рия­сының саяси-құқықтық жүйесінің қызметін транс­фор­мациялауда болса керек. Түрік-моңғол қоғамының дәстүрлі құқығы мен отырықшы-егінші мемлекеттердің көптеген құ­қық­тық нормаларының дипло­ма­тиялық өзгертулері жаңа реттегіш механизмдердің пай­да болуына ықпал етті. Шыңғыс хан Ясасының негізінде түрлі әлеуметтік-саяси категориялар мен топтарды біріктіру мүм­кін­дігі пайда болды, Моңғол им­пе­риясында мәдени-тарихи ұқсастық қалыптасты. 

Зере МАЙДАНАЛИ, 

Қазақстан тарихы кафедрасының 

профессор м.а.