Шеберлік сабағы жоғары деңгейде өтті — ҚазҰУ

91ý

Шеберлік сабағы жоғары деңгейде өтті

28 мамыр 2026
Шеберлік сабағы жоғары деңгейде өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің ұйымдастыруы, Хирургия кафедрасының қолдауымен Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы базасында онкогинекология саласына арналған екікүндік халықаралық шеберлік сабағы жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға гинекология, хирургия және онкогинекология саласының халықаралық сарапшысы, профессор, доктор Мурат Деде арнайы келді. Доктор Мурат Деденің Scopus базасына кіретін басылымдарда 100-ден аса ғылыми еңбегі жарияланған (h-index 18), 1000-нан астам дәйексөзі пайдаланылған. 

Тәжірибе алмасу шарасына Хи­рургия кафедрасының оқытушы­лары, клиника дәрігерлері, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің интерндері мен резиденттері белсенді қатысты.

Шеберлік сабағы тәжірибелі дә­­рігерлер мен оқытушыларды, ин­тер­н­дер, резиденттер мен жас ма­­ман­дарды бір алаңға тоғыстырып, кә­сіби тәжірибе алмасуға кең мүм­кіндік берді.

Шеберлік сабағы аясында онко­ги­некологиядағы заманауи тәсілдерге арналған көрсетілімдік хирургиялық оталар жасалып, клиникалық тал­қы­лаулар ұйымдастырылды. Атап айтқанда IA сатысындағы эндо­ме­­трий обыры кезінде жатыр мен қо­салқыларын лапароскопиялық экстирпациялау отасы жасалып, он­ко­логиялық қауіпсіздік, хирургиялық стадиялау көлемі және аз инвазивті әдіс пен ашық хирургиялық қолже­тім­діліктің тиімділігі жан-жақты тал­қы­ланды. II сатыдағы эндометрий обырын хирургиялық емдеу бары­сында несепағарды туннельдеу және C1/C2 типті гистерэктомия тәсілдері көрсетілді. Аналық без обыры хи­рур­гиясына қатысты ойталқы ұйым­дастырылып, бастапқы және аралық циторедукцияны таңдау, хирургиялық араласу көлемі мен ем тактикасының онкологиялық нәтижелерге әсері сараланды.

«Шеберлік сабағына қатысу­шы­лар хирургиялық тактиканы жан­ды форматта талқылауға, онко­гинекологиялық ауруларды емдеу ісіндегі халықаралық заманауи тәжірибелермен танысуға және прак­тикалық тәжірибе алмасуға ерекше қызығушылық танытты», – дейді PhD, қауымдастырылған профессор, Хирургия кафедрасының меңгерушісі Қарлығаш Тәжібаева. Ал медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы Сүндетғали Қалмаханов халықаралық деңгейдегі мұндай тәжірибе алмасу, шеберлік сабақтары ал­дағы уақытта да жалғасын таба­ты­нын айтады. 

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ