Жастарға кәсіби бағдар берді — ҚазҰУ

91ý

Жастарға кәсіби бағдар берді

28 мамыр 2026
Жастарға кәсіби бағдар берді

Семей қаласындағы №32 жалпы білім беру мектебінде және Абай облысы Ақсуат ауылындағы Қожагелді батыр атындағы орта мектепте кәсіби бағдар апталығы аясында бітіруші сынып оқушыларына арналған кездесулер өтті. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – жастарға болашақ ма­ман­дықты саналы таңдауға бағыт-бағдар беру және жо­ғары білім алу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат ұсыну.

Кездесулерге Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың геогра­фия және табиғатты пай­да­­лану факультетінің «Та­­биғи-техно­ген­дік қауіп-қатерлер» білім беру бағ­дарламасының док­торанты Бақыт Имамова қа­­ты­сып, мектеп бітіруші тү­­лек­тер­мен мазмұнды сұхбат құрды.
Семей қаласындағы №32 мектептің 11 «А» және 11 «Б» сы­­нып оқушыларымен қатар, Ақсуат ауылындағы Қожагелді батыр атындағы орта мектепті 11-сынып оқушылары да кә­сіби бағдар беру шарасына бел­сен­ді қатысты.
Шара барысында оқу­шы­ларға аталған мамандықтың өзектілігі мен ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Спикер оқу үдерісінің құрылымы, ғы­лыми-зерттеу бағыты және тү­лектердің еңбек на­ры­ғын­дағы мүмкіндіктері ту­ралы нақты мәліметтер кел­тірді. Әсіресе қазіргі таң­да табиғи апаттар мен тех­ногендік қауіптердің жиілеуіне байланысты бұл сала маман­да­рына сұраныстың артып отырғаны аталды.
Сонымен қатар кездесулер барысында табиғи және тех­ногендік сипаттағы төтенше жағ­дайлардың алдын алу, қауіп-қатерлерді бағалау, сон­­дай-ақ қауіпсіздікті қам­тама­сыз ету бағытындағы за­манауи әдістер мен тех­но­логиялар та­ныстырылды.
Іс-шара аясында саладағы жұмыс берушілермен бай­ла­ныс мәселесіне де ерекше на­зар аударылды. Атап айт­қан­да «Қаз­селденқорғау» ММ филиалы – «Абай аумақ­тық пайдалану басқармасы» ма­­ман­­дары, соның ішінде Ақ­­суат өндірістік пайдалану то­бының бас инженері Бауыр­жан Ка­­­­по­ров оқушыларға өз ме­­­ке­­мелерінде аталған ма­ман­­дық­ты тамамдаған тү­лек­терді жұ­мысқа қабылдауға мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Кездесу соңында сала ма­мандары жастарды осы ба­ғыт­та білім алуға шақырып, оның маңыздылығын ерекше атап өтті. «Қазіргі таңда та­би­ғи және техногендік қауіп-қа­терлердің ал­дын алу – мем­­лекет үшін стратегиялық маңызды бағыт­тар­дың бірі. Сондықтан бұл салада білікті мамандарға сұраныс жоғары. Бүгінгі оқу­шы­лар – ертеңгі қауіпсіздікті қам­тамасыз ете­тін кәсіби кадрлар. Біз олар­­ды осы мамандықты таң­­дауға және болашақта өзі­міздің мекемелерде жұмыс істеуге шақырамыз», – деді «Қаз­селденқорғау» ММ фи­лиа­лы – «Абай аумақтық пай­да­лану басқармасы» Ақсуат өндірістік пайдалану тобының бас ин­же­нері Бауыржан Әмір­тайұлы.
Кездесу барысында оқу­шы­лар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маман­дар­дан толыққанды жауап алды. Ашық форматта өткен пікір алысу жастардың қы­зы­ғу­шы­лы­ғын арттырып, олардың кә­сіби бағдарын айқындауға ықпал етті.
Мұндай кездесулер жас ұр­пақтың болашақ ма­ман­дық­ты дұрыс таңдауына ғана емес, сонымен қатар еліміздің ғы­лы­ми және кәсіби әлеуетін арт­тыруға да негіз болады. Білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындары арасындағы осын­дай байланыс – сапалы кадр даярлаудың маңызды те­тік­терінің бірі.

Ақтоты БЕКЖАНОВА, 
Картография&Բ;
және геоинформатика кафедрасының 
оқытушысы&Բ;