Тажибаева Айгерим Шотаевна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D07104 — Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тажибаева Айгерим Шотаевнаның «Титан оксиді мен стеарин қышқылы негізіндегі коррозияға қарсы жабындарды алу әдістерін жасау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында және электрохимиялық өндіріс технологиясы зертханасында орындалды.
Қорғау формасы — диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі — орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Надиров Рашид Казимович — химия ғылымдарының кандидаты, профессор, «Жану проблемалары институты» РМК бас директоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Батырбекулы Даурен — PhD, ЧУ «National Laboratory Astana» жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан).
ылыми жетекшілер:
1. Баешова Ажар Коспановна — техника ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Малгожата Осинска — PhD, Познан техникалық университетінің ассистент профессоры (Познань қ., Польша).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Урядников Александр Алексеевич — химия ғылымдарының кандидаты, Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің химия кафедрасының доценті (Тамбов қ., РФ);
2. Vardan Galstyan — философия докторы (PhD), Италияның Ұлттық зерттеу кеңесіне (CNR-IMEM) қарасты Электроника және магнетизм материалдары институтының аға ғылыми қызметкері (Парма қ., Италия);
3. Иванова Наталия Анатольевна — техника ғылымдарының кандидаты, «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 3 шілдеде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ D060600, 8D05301 — Химия, 6D072000, 8D07104 — Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 8D07102 — Химиялық инженерия, 6D072100, 8D07105 — Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 6D73900, 8D07101 — Мұнайхимия мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/82479576948?pwd=1wxJEqlZz4BozNZ5noeQfO6xat4e3j.1
Идентификатор: 824 7957 6948
Басқа жаңалықтар