Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D07102 — Химиялық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ибраимов Заир Таировичтың «Жоғары критикалық орта жағдайларында биологиялық белсенді заттар алу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында және «Физика-химиялық зерттеу және талдаудың әдістері орталығының» зертханаларында да орындалды.
Қорғау формасы — диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі — орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Паренаго Ольга Олеговна — химия ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясының Н.С. Курнаков атындағы жалпы және бейорганикалық химия институтының жоғары критикалық сұйықтық технологиялары зертханасының меңгерушісі м.а. (Мәскеу қ., Ресей);
2. Ю Валентина Константиновна — химия ғылымдарының докторы, профессор, А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
ылыми жетекшілер:
1. Токпаев Рустам Ришатович — PhD, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығының» директоры міндетін атқарушы (Алматы қ., Қазақстан);
2. Лука Фиори — PhD, профессор, Тренто университеті (Тренто қ., Италия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Mehmet Öztürk — Muğla Sıtkı Koçman University университетінің профессоры (Мугла қ., Түркия);
2. Сухих Станислав Алексеевич — техника ғылымдарының докторы, И. Кант атындағы Балтық федералдық университетінің доценті, өсімдіктерді микроклондық көбейту зертханасының меңгерушісі (Калининград қ., Ресей);
3. Султанова Нургул Адайбаевна — химия ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 4 шілдесінде сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ D060600, 8D05301 — Химия, 6D072000, 8D07104 — Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 8D07102 — Химиялық инженерия, 6D072100, 8D07105 — Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 6D73900, 8D07101 — Мұнайхимия мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
Идентификатор: 863 2309 7456
Басқа жаңалықтар