Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері 2026 жылғы Тұрақты даму үшін халықаралық еріктілер жылы аясында өткен «Волонтерлік бастамалар акселераторы» шеңберінде инновациялық волонтерлік жобаларын ұсынды — ҚазҰУ

91ý

Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері 2026 жылғы Тұрақты даму үшін халықаралық еріктілер жылы аясында өткен «Волонтерлік бастамалар акселераторы» шеңберінде инновациялық волонтерлік жобаларын ұсынды

29 маусым 2026
Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері 2026 жылғы Тұрақты даму үшін халықаралық еріктілер жылы аясында өткен «Волонтерлік бастамалар акселераторы» шеңберінде инновациялық волонтерлік жобаларын ұсынды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстанның Ұлттық волонтерлік желісі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ туралы ақпараттық қолдау көрсету жөніндегі академиялық аймақтық ресурстық орталық ұйымдастырған үш кезеңнен тұратын Волонтерлік бастамалар акселераторы өз жұмысын аяқтады. Іс-шара БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық кеңсесінің қолдауымен өткізілді.

Акселератордың негізгі мақсаты — студенттерді еріктілік қағидаттарына негізделген бастамаларды жобалау процесіне тарту. Мұндай бастамалар алдағы уақытта елдегі волонтерлік ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылуы мүмкін. Бірнеше апта бойы қатысушылар аймақтың  өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жеке жобаларын әзірледі, жобалық басқару, командалық жұмыс және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдірді, сондай-ақ серіктес ұйымдар өкілдерінен сараптамалық қолдау алды.

Акселератор аясында тұрақты даму үшін волонтерліктің рөліне арналған панельдік пікірталас та өтті. Түрлі ұйымдардың өкілдері — Coca-Cola İçecek Kazakhstan, Kaz Youth Diplomacy және DOS Community — жастардың волонтерлік бастамаларға қатысу мүмкіндіктері мен кедергілерін, сондай-ақ Қазақстанда және әлемде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі еріктілік қызметтің маңызын талқылады.

Акселератор жастардың инновациялық шешімдер әзірлеудегі жоғары әлеуетін көрсетіп, университеттердің болашақ көшбасшылар мен белсенді азаматтарды даярлау орталығы ретіндегі маңызды рөлін тағы да дәлелдеді.

Аталған жобаны бастамалау және іске қосу ісінде Қазақстанның Ұлттық волонтерлік желісінің өкілі Айман Накиспекованың, БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық кеңсесінің өкілдері Мария Романова мен Никита Шабаевтың, сондай-ақ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Гүлнара Байкушикованый және ассистент-профессор Айлуна Утегенованың рөлін ерекше атап өткен жөн. Бұл жоба Халықаралық волонтерлік жылы аясында Халықаралық қатынастар факультетінің 26 халықаралық қатынастар саласының студенттеріне 17 Тұрақты даму мақсаты бойынша өз бастамаларын ұсынып, дамытуға мүмкіндік берді.

Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ туралы ақпараттық қолдау көрсету жөніндегі академиялық аймақтық ресурстық орталық ұйымдастырды. Жауапты ұйымдастырушы — Деловарова Лейла Федоровна.